Әдебиет әлемінің Сәулесі

1354

0

Кеше облыс орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, журналист, бірнеше толымды шығармалардың авторы Сәуле Досжанның шығармашылығына арналған  «Әдебиет әлемінің Сәулесі» атты кездесу кешін ұйымдастырды.

 Шараның мақсаты – жазушының шығармашылығын оқырман қауымға тереңірек таныстыру, әңгіме, роман құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу, қаламгер кітаптарынан өзіндік ой түюге бағытталды.

Аталмыш шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ержан Жеткергенұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар Кеңесінің, іскер әйелдер клубының мүшелері, ақындар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Қаршыға Есімсейітова, Рахат Наурызбаева, Ділдахан Торғаева, Несібелі Рахмет, эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы,  ақын, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы, журналист-тележүргізуші  Толқын Қабылша,  «Кездесу» клубы мүшелері, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты.  

Тағылымды кездесуде Сәуле Досжан жастарға үлгі өнеге болатын келелі  ғибратты әңгімелер айтып, кітапхана оқырмандары қойған сұрақтарға жауап берді. Шараға келген қонақтар да жазушы шығармаларында замандастарының тағдыры, отбасы мәселелері, жалпы адамгершілік құндылықтары терең толғанысымен берілгені туралы өз пікірлерімен бөлісті, қаламгердің баға жетпес  мұраларын оқуға шақырды.

Кеш барысында оқырмандар «Құдіретті қалам иесі» атты кітап көрмесіне де қатысты.

Жанат ҚАРАМАНОВА,

ақпараттық байланыс және бұқаралық жұмыс секторының кітапханашысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<