Әкелер мектебі құрылды

1832

0

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Жастар ресурстық орталығы жанынан Әкелер мектебі құрылды.

Әкелер мектебін құрудағы мақсат – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру, тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда оқу орындарына көмек көрсету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға көмек көрсету және балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру болып табылады.

Аудандық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Әкелер мектебінің алғашқы отырысы өткізілді. Ұйым құрамына білім, спорт, мәдениет және журналистика саласының ардагерлері, аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы, полиция бөлімі, колледж оқытушылары және жергілікті кәсіпкерлер енгізілген.

Алғашқы отырыс барысында ұйымның құрамы мен ережесіне әкелер мектебі мүшелерінің ұсыныстары талқыланды. Ұйым жұмысының ауқымды екені айтылып басқа салалардан да ардагерлер мен аға-буын өкілдерін қосу ұсынылды. Көпшілік қолдауымен Әкелер мектебінің төрағасы болып спорт саласының ардагері, спортшылар династиясын тәрбиелеп келе жатқан Мерейлі отбасының тірегі, медиатор Елеусінов Мектепхан сайланды. Сонымен қатар, ұйым мүшелеріне атқарылатын жұмыстар жоспарының жобасы таныстырылды. Әр саладан жиналған ардагерлер, аға-буын өкілдері ұйым жұмысын дамыту мақсатында ұсыныстарын ортаға салып, талқылау жүргізді. Жиын соңында сөз алған әкелер мектебінің төрағасы Елеусинов Мектепхан «Мені үлгі қылып маған артқан сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Жас ұрпақты отансүйгіш, адамгершіл, елінің, жерінің азаматы етіп тәрбиелеуіміз керек. Сол үшін барлығымыз бірлесе жұмыс жасап, ұйым жұмысын жандандырайық» деген ойын білдірді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<