Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әкімшілік процеске қатысушылар үшін кері байланыстың жаңа функционалын іске асырды.
Осы функционалда Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің жария секторының модулі болып табылады және әкімшілік процеске қатысушылардың ыңғайлылығы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған.
Осы қосымшаның көмегімен қатысушылар әкімшілік іс бойынша өтінішті немесе шағымды тікелей оны қараған органға жібере алады және оған уақтылы жауап алады.
Ол үшін Qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағым жасау» қосымша бетін таңдау қажет.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 826-1-бабы тәртібінде шағымды процеске қатысушы ғана өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) көмегімен авторландыру арқылы бере алады.
Шағымның мәнін баяндаумен қатар іс бойынша растайтын құжаттарды бекіту мүмкіндігі бар.
Өтініш сақталғаннан кейін ол мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Шағымды қарау нәтижесі өтініш берушінің e-mail поштасына электрондық хатпен жолданады.
Әкімшілік іс бойынша қаулыға және айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға берілетін шағымдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 826-2, 826-3, 826-4, 826-5-баптарымен реттеледі.
Сонымен қатар бұл жүйеде авторландыру, шағымдану және шағымның жүйедегі мәртебесін қарау бойынша қолданушыға арналған нұсқаулық бар.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Қызылорда облысы бойынша басқармасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<