Әкімшілік қызметкерлерін марапаттады

6422

0

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Жосалы кенті әкімшілігі қызметкерлерін қабылдап, бірқатар сала мамандарын облыс әкімі мен аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттап, «Қармақшы ауданының құрылғанына 95 жыл» мерекелік медалін табыстады.

Қабылдауда аудан басшысы:

– Ауданымызда өткен айтулы шаралар барысында жұмыла қызмет атқарып, аудан орталығы яғни Жосалы кентінің әлеуметтік-экономикалық өсімі мен көркейту-абаттандыру жұмыстарына еселі үлес қосып келесіздер. Алдағы уақытта да ауданның қарқынды дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге сенім білдіре отырып, мерейлі мереке мезіретінде баршаңызға алғысымды білдіремін! – деді.

Бүгінде кент іші көркейіп, жаңа нысандар бой көтеріп, көшелерге жол төселіп, жарықтандырылып, жаңаша сипат алуда. Тазалық жұмыстары да жолға қойылып келеді. Игі істердің барлығында аянбай еңбек етіп, кенттің өркендеп дамуына септігі тиіп жүрген сала мамандарының еңбегі зор.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<