Әлеуметтік төлем мөлшері көбейді

653

0

Биылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері көбейгені белгілі. Ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені құрап, 15 пайызға артса, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңге болып бекітілді. Ал айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңге болды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Ертілеу Жалғасбаевтың айтуынша, былтыр халықты зейнетақымен және әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуде, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда бірқатар жұмыстар атқарылған.

Елдегі инфляция деңгейі ескеріліп, жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және барлық жәрдемақы түрлерінің мөлшері артты. Осыған орай төлемдер 2 рет қайта есептелді. Жеке және заңды тұлғалардың 915 өтініші қаралды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<