Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

218

0

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап және найзағай болады деп күтіледі. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 26-28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігінен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады деп болжанған: найзағай, бұршақ, жел және жаңбыр.

«Республиканың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде 17…22, күндіз 30…38 градус жылы, солтүстікте түнде 7…18, күндіз 20 …32 градус, республиканың орталығында және шығысында түнде 7 … 18, күндіз 22 … 35 градус, оңтүстікте түнде 15 … 23, күндіз 32…40 градус аптап, оңтүстік-шығыста түнде 13 … 22, күндіз 27 … 37 градус ыстық», делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз