Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

416

0

Синоптиктер 20-22 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Оңтүстік циклонның келуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Содан кейін қысқа антициклон жылжып, жауын-шашынның тоқтатылуы және батыста ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді», – деді синоптиктер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<