Аналогтық хабар тарату тоқтатылады

359

0

Әлем үнемі өзгеріп отырады. Өмірдің түрлі салаларына еніп жатқан заманауи технологиялардың қарқынды дамуы теледидар саласын мықтап жаулап алды. Қазақстанда аналогтық теледидардың сандық хабар таратуға көшуі 2018 жылы басталды және шынымен де кең ауқымға ие болды. Сандық хабар тарату дәуіріне бірнеше аймақтар қадам басты және халықты қамту деңгейі 87%-тен асты. Елде аналогтық хабар тарату 2022 жылы тоқтатылады деп болжанып отыр.

Нақты кезеңде халықтың басым бөлігі теледидар көреді, бұл ақпарат таратудың маңызды құралы және әрбір азаматтың конституциялық құқығы болып табылады. Сандық хабар тарату – бұл қазақстандықтардың ақпараттық ағыны мен өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудегі жаңа сапалы қадамы. Асыра сілтемей, сандық жүйеге көшу қоғам мен қазіргі заманғы технологиялардың даму динамикасын көрсететін ең маңызды техникалық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси мәселесі болып табылады.

«Аналогтық» хабар мен «сандық» хабар арасындағы айырмашылық неде?

Аналогтық телевизиялық хабар таратуда сурет пен дыбысты беру үшін аналогтық электр сигналы қолданылады, сондай-ақ бір жиілікке бір арна тағайындалады. Аналогтық хабар тарату теледидар пайда болғаннан бері бар. Оның айқындығы, түсі мен дыбысы ағынның амплитудасының, жиілігінің және фазасының тез өзгеруімен ұсынылады. Сигнал үздіксіз диапазонда өзгереді және сыртқы әсерлерге бейім, нәтижесінде сурет барынша бұрмаланады. Егер сигнал өте ұзақ қашықтыққа берілсе суреттің жарқырауы, бұрмалануы және басқа кемшіліктері болуы мүмкін. Қазіргі таңда көптеген фильмдер мен телехабарлар сандық форматта түсіріледі, өйткені аналогтық форматта теледидар сурет пен дыбыстың ерекше эффектілерін толық жеткізе алмайды.

Цифрлық эфирлік теледидарға көшу теледидарда жаңа бағытты ашады, ол іс жүзінде кейінгі ұрпақтың ұялы байланысымен тығыз байланысты, теледидар бағдарламаларын бөлме ішінде де, қозғалмалы көлік құралдарында да, мобильді құрылғыларда да қабылдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, цифрландыру шағын елді мекендердің тұрғындарына аналогтық форматтағы 2-3 телеарнаның орнына, цифрлы 15 телеарнаны қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен бірге оларды тарату үшін электр энергиясының шығынын едәуір азайтады.

Бұл тәсіл телехабар тарату қызметтерінің сапасын едәуір жақсарта алады. Сандық телевизиялық хабар таратуды дамыту қолжетімді бағдарламалар санын күрт көбейтуге, елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, теледидар бағдарламаларының суреті мен дыбысының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сандық хабар тарату – бұл сигнал беру жылдамдығы жоғары жаңа ұрпақ теледидары. Ол көптеген мүмкіндіктер мен қызметтерді ұсынады: көп арналар, суреттер мен дыбыстың сапасы, электрондық пошта, мультимедиалық қосымшалар, радио, экранда батырманы басу арқылы көрсетілетін электрондық бағдарламалық нұсқаулықтар, субтитр тілін таңдау және басқа да көптеген жаңалықтар. Сандық сигнал кедергіге төзімді және көрермендерге өзінің бастапқы түрінде, шу мен бұрмаланусыз, тіпті ең алыс елді мекендерге жетеді.

Қазақстандықтар отандық телеарналарды цифрлық сапада және ай сайынғы төлемсіз, облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 30-ға жуық телеарананы көре алады, ал аймақтардың елді мекендерінде 15-тен кем емес. Телеарналарды екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде ұсынады.

2022 жылға қарай цифрлық эфирлік теледидармен Қазақстан Республикасы халқының кем дегенде 98% қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 Р.АРЫСТАНБАЙ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<