Аң аулаудың өз уақыты бар

666

0

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі Аң аулау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы көлемінде 2023 жылғы 15 шілдеден бастап 2024 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін аулауды өткізу мерзімдерін назарларыңызға ұсынады.

Аң аулауды өткізу мерзiмдерi

Жануарлар түрлеріАң аулау мерзiмдерi
Су тышқан (ондатра)2023 жылғы 1 қазан – 2024 жылғы 15 ақпан
Қарсақ, түлкі, қоян (ақ қоян, ор қоян)2023 жылғы 1 қараша – 2024 жылғы 15 ақпан
Құм қоян2023 жылғы 1 қараша – 2024 жылғы 31 қаңтар
Бөдене, кептер, түркептер20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)
Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақҚызылорда облысында қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 желтоқсанға дейін. (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз – 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)
Шiл (аққұр, тундралық, сұр, далашiлi, сақалдышiл), шілқыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30 қарашаға дейін
Борсық1 қыркүйектен – 15 желтоқсанға дейін
Қабанқыркүйектің алғашқы сенбісінен – 31 желтоқсан
Кекiлiк1 қазан – 15 желтоқсан
Қырғауыл1 қараша – 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 1 қазаннан бастап)

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<