Апат салдарынан тұрғындар сусыз қалды

526

0

Түрксіб ауданында ірі су құбыры жарылып, үйлерге су беру тоқтатылды деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданда апаттың салдары жойылып жатыр.

«Алматы су» мекемесінің мәліметінше, жұмысшылар Герцен көшесінің бойымен тартылған Д=500 мм магистральдық су құбырын жөндеп жатыр. Апатты жоюға 16 техника жұмылдырылды. Жарылған су құбыры 1962 жылы пайдалануға берілген, – деп жазылған хабарламада.

Су құбырының жарылуына байланысты төмендегі әкімшілік ғимараттар мен үйлерге су беру уақытша тоқтатылды:

Сүйінбай – Баянауыл – Шемякин – Хмельницкий көшелері;

Рысқұлов – Парковая – Құлыншақ – Баишев көшелері;

Айша бибі, Атырау, Шуақты шағын аудандары.

Бұл мекенжайлар мен шағын аудандарға автоцистерна арқылы су жеткізіледі.

Алматының басқа аудандарында су беру тоқтатылмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<