Ақпанда ауа райы құбылмалы болады

821

0

Облыста қыстың үшінші айы құбылмалы болады. Синоптиктер қар аралас жауын жауатындығын айтып отыр. Жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болуы да мүмкін.

Бірінші онкүндіктің ортасында күн райы жылы болса, аяғында қайтадан салқындайды. Яғни, түнде -12-18 градус болса, күндіз ауа температурасы -7-12 градусты көрсетпек.

Айдың екінші онкүндіктің соңында ауа температурасы -5-10, күндіз 0+5 градусқа дейін жылынады. Үшінші онкүндікте де осы көрсеткіш сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<