Ақылы жолдағы төлемді есептейтін жаңа технология енгізілді

361

0

Еліміздің автомобиль жолдарындағы ақылы учаскелерінде RFID-технологиялары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazAvtoJol»-ға сілтеме жасап.

Автокөліктің алдыңғы әйнегіндегі RFID-жапсырмасы жапсырылады. Яғни, ондағы сәйкестендіру коды анықталғаннан кейін, жүйе көлік туралы ақпаратты алып, ақылы учаскелердегі төлем қабылдау пункттерінен кедергісіз өткізеді. Бұл нөмірді дұрыс анықтауға, жүріп өткен жол бойынша қаражатты дұрыс есептеуге арналған шаралардың бірі.

«RFID белгілері төлем қабылдау пунктінде орнатылады. Белгіні көлікке орнату және жүйеде тіркеу үшін 5 минуттай уақыт қажет. Белгіні алу және орнату үшін төлемақы алынбайды», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталмыш белгілер Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелеріндегі төлем қабылдау пункттерінде орнатылуда. Таяу арада Алматы-Қорғас учаскесінде де енгізу жоспарланған. Жаңа белгілер енгізілгенімен, жеке шотты толықтыру әдісі өзгермейді. Жеке шот мемлекеттік тіркеу нөмірі бойынша толықтырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<