Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде

578

0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару- жүйесі департаментінің Арал аудандық пробация қызметінде есебіндегі 3 азамат қоғамдық жұмыстарды атқару арқылы жазаларын өтеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудандық пробация қызметінің бастығы С.Сейдахметовтің айтуынша,  полиция қызметкерлері 2 азаматты тексеру барысында олардың  киімінің қалтасынан өзіндік иісі бар кептірілген есірткі заты табылып, оны өткізу мақсатында өзімен бірге заңсыз сақтағаны анықталған. Сот үкімімен  емірткі тасыған екеу Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі  деп танылып, оларға 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған. Қазір олар күніне 4 сағаттан аудандық әкімдік белгілеген орындарда тазалық жұмыстарын атқарып жүр.

«Қазіргі уақытта өз кінәмді толық түсіндім. Қандай қылмыстың да өтеуі жаза екенін біле тұра жасағаныма іштей өкінішім бар. Жазамды еңбекпен өтеп жатырмен. Бұл маған үлкен сабақ болды», деді есептегі азаматтың бірі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<