Ардагерлер алқасы

193

0

Фото автордан

«Достық үйінде» облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті. Онда алқа мүшелері қатысып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев кеңеске ұсынылған келелі мәселелер төңірегінде атап өтті.

Ардагерлер кеңесі аймағымыздағы жалпыұлттық идея рухында патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу, саяси тұрақтылықты сақтау, қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бағыттарында жүйелі жұмыс атқарып келеді.

Мәжілісте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы 718 бастауыш ұйымға біріккен 81 мыңнан астам ардагердің қоғамдық-саяси шараларға қатысу, әлеуметтік жағдайларды жақсарту, жастар тәрбиесіне атсалысу ісінде көптеген іс-шаралардың ұйымдастырылып жатқанын айтты. Бастауыш ардагерлер ұйымдарының қызметін жетілдіру мен олардың белсенділігін арттыру талаптары бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

– Қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау материалдық қолдау көрсету ардагерлер ұйымының басты міндеті. Облыс бойынша бес мыңға жуық ардагерге 13 млн астам материалдық-қаржылай көмек көрсетілді. Ардагерлер кеңесі Арыстан баб, Түркістан және жергілікті Хорасан баба, Оқшы ата, Төлек ата, Сунақ ата кесенелеріне зиярат ету шарасы ұйымдастырылды. Қазақ халқының даналық, ғибратты сөздерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру мақсатында көптеген шара өткізіліп тұрады. Әрбір кездесуге алқа мүшелері, этнос өкілдері мен жастар қатыстырылды. Олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысу, дәрігерлік көмек көрсетілуіне ықпал жасау міндеттерді мүлтіксіз орындалуда. Мерейтойларына орай ауылшаруашылық саласының ардагері Р.Каримов, теміжол саласының майталманы О.Пазылбеков, әлеуметтік сала ардагері В.Максин, мәдениет саласының ардагері, 2 топ мүгедегі Б.Маханбетжанова, банк саласының өкілі Ә.Бакирова, көпбалалы ана Т.Асановаларға құрмет көрсетілді. Жиырмадан астам ардагер «Қызылорда облысының құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Алдағы уақытта «Іскерлік және жанашырлық» пилоттық бағдарламасы бойынша жалғызбасты, асыраушысынан айырылған, мүгедек тыл ардагерлерін қолдау көрсету мақсатында жұмыстар жүргізілмек, – деді Серік Әбішұлы.

Алқа мәжілісінде ардагерлер кеңесінің алдағы жылы атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылды. Жиын қорытындысында облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<