Ардагерлер арасындағы турнир

625

0

Ардагерлер арасында ұйымдастырылған жарысқа Шымкент, Қызылорда қалаларынан және Жалағаш, Арал аударының және Байқоңыр қаласының ардагерлерінен құралған 10 команда, 100-ге тарта ойыншылар қатысты.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін шараның ашылуына Байқоңыр қаласы әкімшілігінен және Басқарма өкілдері қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Айта кету қажет, Байқоңыр қаласы ардагерлерінен құралған «Коммуналщик» командасы да аталған сайысқа тұрақты қатысып келеді. 2002 жылы құрылған командаға биыл 21 жыл толып отыр. Сондай-ақ, аталған команданың негізін қалаушы, Байқоңыр қалалық волейбол федерациясының президенті Кеңесов Бақыт Ақанұлының 60 жас мерейтойыда аталып, құттықтаулар жеткізілді.

Сонымен қатар, «Коммуналщик» командасының мүшелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ. Нұртайдың арнайы құттықтауы жеткізіліп, алғыс хаттары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<