Архивте 3561 қор сақтаулы

518

0

Биыл елімізде алғаш рет архившілердің кәсіби мерекесі аталып өтуде. Нақты кезеңде облыстың мемлекеттік архивтерінде 3561 қор, яғни басқару құжаттары, ғылыми-техникалық құжаттар, фото және бейне құжаттар сақтаулы. Ал жыл сайын 15 мыңға жуық құжат архивке енеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «облыстық мемлекеттік архиві» КММ директорының орынбасары Жанат Алтынбаева айтып берді.

– Архив ісі – тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және насихаттауда маңызды рөл атқарады. Біз келушілерге архивтік анықтамалар мен құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру секілді қызмет түрлерін ұсынамыз. Сыр өңірі тарихына қатысты зерттелмеген тың құжаттар Ресей Федерациясының Орынбор, Мәскеу, Санкт-Петербургтағы мемлекеттік архивтерінде сақталған. Сондай-ақ, еліміздің біртуар азаматтары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне қатысты деректер Тәжікстан, Франция, Германия, Түркия елдерінің архивтерінде кездеседі. Осы тарихи жәдігерлерді анықтап, құжаттарды жинақтап, елге қайтару алдағы уақыттың жоспарында, – деді ол. 

Ал Қызылорда қалалық архивіне енетін құжаттар үш түрде қайта өңделіп, 17-19 градус температурада ылғалдылығы 55 градустық бөлмеде сақталады.

– Қазіргі таңда қалалық архив қорында 82 мыңнан аса құжат сақтаулы. Осы құжаттардың негізінде азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындау біздің міндетіміз болып табылады, – дейді Қызылорда қалалық филиалының басшысы Жұлдыз Байғараева.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<