Арнаулы өкіл қызметіне кірісті

516

0

Байқоңыр қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің Басшысы Константин Бусыгинның қатысуымен актив отырысы өтті. Оған жауапты сала басшылары қатысты.

Актив отырысында облыс басшысы ҚР Президентінің өкімімен ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалған Қайрат Нұртайды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

– Қайрат Ырзақұлұлы жұмыс барысында өзін білікті және жауапты басшы ретінде көрсете білді. Аймақтың, соның ішінде Байқоңыр қаласының әлеуметтік-саяси ахуалымен жақсы таныс, ұйымдастырушылық қабілеті мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде және шеберлікпен атқарып жүрген азамат.

Қайрат Ырзақұлұлы, екі ел тараптарының бірлескен жоспарларын іске асыру және проблемалық мәселелерді шешу кезінде Ресей тарапымен тиімді өзара іс-қимыл орнату керек.

Ең бастысы, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау маңызды, ол үшін үкіметтік, қоғамдық және құқық қорғау органдарымен бірлесіп қарқынды жұмыс жасау қажет.

Басшылық қызметтегі жинақтаған тәжірибесін, қазіргі таңда маңызды болып саналатын Байқоңыр қаласындағы қоғамдық-саяси жағдай мен жылдам әрі уақытында шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді кезең-кезеңімен орнықты түрде жүзеге асыруға қолданады деп үлкен сенім артамын, – деді Н.Нәлібаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<