Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті жұмыс жасап келеді

262

0

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігің сайтында Атқарушылық іс жүргізу органдарының Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АІЖО ААЖ) «Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті» (борышкер, өндіріп алушы) қызмет көрсете бастады.


Атқарушылық іс жүргізу тараптары электронды кабинет арқылы, іс жүргізу барысымен таныса алады, барлық процессуалдық құжаттарды көре алады. Бұдан бөлек, сот шешімінің орындалуы бойынша туындаған сұрақтарын сот орындаушыға онлайн тәртіпте қоя алады.

Қажет болған жағдайда өзі құжат жолдап, берешектерін онлай тәртіпте ҚР «Электронды үкіметтің» төлем шлюзы арқылы өтеуге болады.


АІЖО ААЖ тіркелу үшін, жеке және заңды тұлғаларға «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на барып электронды цифрлық қолтаңба алып, www.adilet.gov.kz. сайтына тіркелу қажет.

Б.Қызылбаев,

Қызылорда облысы

жеке сот орындаушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<