Ауқымы кең акция

313

0

Бүкіл әлем бойынша қара­шаның әрбір үшінші жексен­бісінде Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясының резолюциясымен бекітілген. Осыған орай, облыстық полиция департаментінің ұйым­дастыруымен қараша айының 12-18 күндері аралығында «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» кең ауқымды акциясы өтті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғасында көз жұмғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, өзара сыйластық, жолда қауіп­сіздік ережесін сақтау, жүр­гізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету.

«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясы аясында жол-көлік оқиғасында зардап шеккен темір тұлпарлардың қалдықтарын тиеген авто­эвакуаторлардан және қара түсті жеңіл автокөліктерден құралған автокеруен қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Автокеруен кезінде жол сақшылары дыбыс күшейткіш құралдары арқылы жол-көлік апатының құрбандары жайлы статистикалық мәліметтерді айтып, жолда жүру ережесін қатаң сақтауға шақырды. Шара соңында «Тағзым» алаңында қозғалыстың жас инспекторлары жол-көлік апатының құрбандарын еске алу мақ­сатында ақ-қара шарларды аспанға ұшыру рәсімін өткізді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<