Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

1229

0

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Асқар Тоқмағанбетов ауылына барып, кәсіпкерлермен және елді мекен тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында бірқатар ауылдық округ көлеміндегі кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелерді қозғады.

– Қазіргі уақытта кез келген ауыл тұрғындарының кәсіп ашып, тірлігін бастауына мүмкіндігі зор. Бүгінгідей нарық заманында тынымсыз еңбек қана жоғары табысқа бастайтыны анық. Еліміздегі түрлі мемлекеттік бағдарламалар кәсібін жаңадан бастайтын тұрғындарды жетістікке жетелейтінін көрсетіп отыр. Ең бастысы – мемлекет тарапынан ұсынылған қолдауларды мүлт жібермеуіміз керек, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Республика бойынша жаңа Дельта штаммы тіркеліп, біздің аймағымыздан да анықталғанын айтты. Баршамыз жағдайды бақылаудан шығармай, қоғамдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында ендігі жерде барлық тұрғындар вакцина салдыру қажеттігін де жеткізді.

Осыдан кейін ауыл округі әкімін сайлауға қатысты қандай жұмыстар мен дайындықтар жүргізіліп жатқанын көріп, сайлау өтетін нысанды аралады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<