Ауған қаһармандарын құрметтеді

261

0

Фото: ашық дереккөз

Ағымдағы жылдың ақпан айының 15 күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл атаулы күні аталып өтілді.

«От – жалыннан оралғандар» тақырыбында өткізілген іс-шара барысында ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің жеке құрамымен Ауған соғысында батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ұлдар, бүгінде аймақтық органның ардагерлерізапастағы полковник Аманқұлов Марат Сейтжаппарұлы, запастағы полковник Жұмабеков Құламқадыр Әбілқасымұлы, өкінішке орай үзенгілес бауырларымен қош айтысқан отставкідегі полковник Мырзабай Абылай Еркінбайұлының жары Асанова Саракүл Асанқызы апамыз және Қызылорда облысының «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, КСРО «Ерлігі үшін» медалі және Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері Жаров Әлібек Кәрімбекұлымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге келген Ауған соғысының ардагерлері естеліктерімен бөлісіп, елдің ауыр аманатын арқалап, өмір мен өлім белдескен уақытта қазақ ұлтты жауынгерлердің көрсеткен ерліктерінәңгімелеп берді.

Басқосуда сөз алған ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті бастығының бос лауазымы бойынша міндеттерін уақытша атқарушы ұлттық қауіпсіздік полковнигі Замишев Ер-Саид Рысбекұлы интернационалист жауынгерлерге ыстық лебізін білдіріп, ардагерлерге сый сияпат көрсетті.

Өз кезегінде, ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы запастағы полковник Досмағамбетов Серік Жаңбырбайұлы Ауған қаһармандарын құрметтеп Ардагерлер кеңесінің алғысын білдіріп, биік рух пен жігер, намыстан жаралған батырлардың ұрпағына тағзым көрсетті. Сонымен қатар, Отан үшін күресте елінің қуаты болып саналған батырларының, сақадай сарбаздары мен сардаларының ерліктері, елжандылығықайда жүрсек те, қашанда жүрек төрінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпайтындығын тілге тиек етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<