Ауылдық округ тұрғындарымен кездесті

527

0

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың бүгінгі тұрғындармен кездесуі Өркендеу, Бірлік және Аранды ауылдық округтерінде жалғасты.

Жыл басынан бері ауданда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар аз емес. Тұрғындардың талап-тілектері де оң шешімін тауып келеді. Сол секілді алдағы күннің еншісінде тұрған шаруалар да ауқымды. Бұл жайында аудан басшысы аталған ауылдарда баяндап өтті. Мұнымен қоса көпшілікті Қызылорда қаласының 85 жылдығы және Қазалы ауданының 95 жылдығымен құттықтады.

Кезек тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдауға келгенде тұрғындар да өздерінің мұқ-мұқтажын жасырып қалмады.

Мәселен, Өркендеу ауылының халқы елді мекенде балабақшаның іргетасы қаланса дейді және жайылымдық жерлердің мәселесе шешілгенін қалайды.

Сол секілді Бірліктегі ағайын округке жарық пен жол жүргізу жұмыстары назардан тыс қалмай, мәдениет үйі мен балабақша салуды да ұмыт қалдырмауды сұрады.

Ал, Аранды жұрты жайылымдық жер мен қатты отын мәселесін жеткізді. Оған қоса алдағы жылы болатын Жанқожа бабаның 250 жылдығына орай қандай шаралар қолға алынатынынан хабар алғысы келді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев елді мекендерде айтылған ұсыныс-пікірлер мен көтерілген мәселелердің ескерілетінін және барлығы алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді. Сонымен қатар, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Аудан басшысы Қожабақы ауылына сапары кезінде «Айгүл» балабақшасына барып, бу қазандығының жұмысымен де танысты.

Айта кетейік, халықпен кездесулерге аудандық мәслихат депутаттары Күншығар Әбілов пен Райымбек Бөлебаев және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<