Азаматтық қорғау саласының қызметкерлері марапатталды

1558

0

Биыл еліміздегі азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 28 жыл толды. Елімізде 1995 жылдан бастап 19 қазан – Құтқарушылар күні болып атап өтілуде. Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, аудандағы азаматтық қорғау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар қызмет бабында қайсарлық танытып, төтенше оқиғалардың алдын алуда аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы мен аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Салтанатты шара соңында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев сөз алып, сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, алғысын жеткізді. Сондай-ақ аудан өнерпаздары мереке иелеріне арнап әннен шашу шашты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<