Бала құқығы басты назарда

2995

0

Баланы қорғау – біздің қаны­мызда бар, бабалардан келе жат­қан асыл қасиет.

Тек қазіргі жаһанданған, дамыған қоғамда сол қағи­даттарды қағазға түсі­ріп, заң­дастырып жұмыс жасау­дамыз. Со­ның ішінде біздің мем­лекетіміздің халық­аралық кон­венцияларға қол қоюы да осы ата жолды жаңғырту секілді. Бол­маса, бабаларымыз баланы қорлап, құқығын аяқ асты етпек түгілі бала көзінше жаман сөз айтпаған, дауыс көтеріп бір-бі­рімен де ұрыспаған. Бала кө­ңіліне қаяу түсірмеу үшін неше түрлі наным-сенімдер мен ырым-тыйымдар шығарған. Мәселен, «Ба­ла періште, оның көзінше балағат сөз сөй­лесе, періште қашады» деп сенген. Бұ­дан асқан қандай қорғалған құқық бо­луы мүм­кін? Зорлық-зомбылық, жы­ныс­тық әбестіктердің атын да атамайсың мұн­дайда.

Қазақтан келе жатқан тәр­биелік дана­лық сөздерге мән берсек, мысалы, «Жиен­ге қол ти­гізген адамның қолы қал­ты­рауық болады» дегені, қолына су құйған балаға бата беруден бастап, «күл­шелі бала сүймекке жақсы» де­гені еңбегін бағалағаны, бала құ­қығының ең биік шыңын көр­сеткені емес пе?!

Баланы еңбекке тартуда «бұ­ғанасы қатпаған», «буы­ны бе­кімеген» деп бөліп, жұмыстың мөлшерін анық­таған. «Жерде бір жетім жы­ласа, көкте мың пе­ріште кү­ңіренеді» дегені ру­хани тұр­­ғыда дала заңының жа­зыл­маған қағидаттары еді. Бүгінде бала құқықтары тура­лы кон­венцияда «Мемле­кет бала денсау­лығын және макси­малды ықтимал дәре­жеде өмірін сақтап қалуға мін­детті» деп көр­сетілген баптар бар.

Бала туған кезінде ат алуға, азаматтық алуға, соның арқасында ата-анасы кім және солар тарапынан қамқор­лыққа ие болуға құқылы. Инди­ви­ду­ал­дығының сақталуына, өз ата-анасымен бірге тұруға, егер баланы бір, әлде екі ата-ана­сымен айырса, ата-анасымен бай­ланыста болуға, өз ата-ана­сымен кез келген елге кетуге және ата-анасымен қайта қауы­шуға немесе ата-анасымен же­ке қарым-қатынас жасау мақ­сатымен кез келген елге келуге, емін-еркін өз көзқарасын біл­діруге, информация алуға, ерік, ұждан, дін бостандығына құқы бар. Ешқандай мемлекет пен қо­ғам тарапынын қысым­сыз басқа адамдармен кез­десуге және ас­социацияға кіруге немесе оны өзі емін-еркін құруға, жеке өміріне, жанұя ісіне және үй іші ісіне, жазысқан хаттарға ара­ласпауына, өсек-аяңдар мен жаладан қор­ға­ныс алуға жә­не тағы басқа құ­қықтары көрсетілген.

Біздің елімізде аталған кон­венцияның, Ата Заңның және ел заңдарының аясында бала құқықтары толықтай қолға алын­ған. Дегенмен, бала құқы­ғының бұзылып жатқан тұстары да бар. Ондағы басты себеп – отбасының дұрыс болмауы. Әсіресе өгей әке, өгей ана тарапынан орын алуда. Түптеп келгенде, бұның барлығы балалардың заңдық түрде толық қорғалғанын сезінбеуінен, сол үшін заң алдында жауап беріп, жаза басатынын ойламаудан болып жатады.

Соттар тарапынан бала құ­қықтарының қорғалуы ерекше назарда. Балалар құқы­ғы­на нұқ­сан келтіргендерге қа­шан­да жаза қатаң. Сондықтан бала құқығын сақтап, әркез құр­метпен қарауды ұмытпаңыз.

Талант ТІЛЕП,

Қызылорда қаласының

 мамандандырылған

тергеу сотының судьясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<