Балтыр

2094

0

«Мен өлгенде бір ақын қуанса ғой…»

Әмірхан Балқыбек

Баяғыдай ұюшы еді жырға кім?!


Жырдың құны жұпарыңда біл, жаным.


Ұлы өлең ғой…


Аймалаған демімдей,


Сырғалықтан қытықтауы сырғаның.


Бұл ләззәтті сезінбеген қыздардың


Мүрдесіне аят оқып Күз қалды.

…Балбалдағы Аналықтың лыпасыз


омырауы иіп барып бұз жарды.


Қызғаныштан қимай батса ақық Күн


Балтырыңа жантаюға асықтым.


Пендесі көп жалғыздықтан құтқарар

Мен күнәға,


Сосын саған ғашықпын!


Қауынғақтың күн күйдірген әріндей


Бояу сырын жасырған жыр мәлім бе?

Мен батысқа саз сиқырын үйреткем


Мен шығыстың ел билегем шәрінде.


Алты құрлық− молалардың қалдығы;


Төрт мұхит ол− қыз көзінің жаңбыры;


Тым жасқаншақ,


Тым күйгелек,

Тым сыршыл,


Балтырыңда тайғанаған тағдырым!


Көрінгенде дулығаның төбесі


Боз көденің сөгіледі көбесі…


Ех, ақылды сұлулардан жалыққам,

«Мен өлгенде қуансаң ғой…»


Сен осы.

Бекзат Смадияр

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<