Балуандар бәсекесі

392

0

Қазалы ауданында Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті.

Балғын балуандар бәсекесіне Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларынан және аудандардан 150-ге жуық спортшы қатысты.

Биыл ауданда 5-ші рет ұйымдастырылып отырған турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

– Егемендік жолында құрбан болған бабалар есімін жаңғыртып, олардың өнегелі өмірлерін бүгінгі буынның санасына сіңіру мақсатында түрлі шаралар қолға алынып келеді. Соның бірі – Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир бүгін ауданымызда өткелі отыр. «Өткенін білмей, болашақ болмас» дейді халқымыз. Бүгінгідей ел үшін елеулі күні біз тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабаларымыз бен боздақтарымызды құрметтеп, рухына бас иеміз. Баршаңызға сәттілік! Жеңісті күндеріміз көп болсын!» – деді Дәурен Оңғарбайұлы.

Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өткен байрақты бәсекеде балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Турнир үздіктері мен жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталып, ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<