Баспаналы болуды армандасаңыз…

386

0

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағытының бірі «Шаңырақ» пилоттық жобасын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүзеге асырады. Бүгінде Шаңырақ «5-10-12» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ильяс Жұрынов мәлімдеді.

Биыл пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 млрд теңге қаражат қарас­тырылған. Қаражаттың 90 млрд теңгесі «Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкіне» түс­кен. Жоба аясында 7-8 мыңдай отбасы баспанамен қам­тылмақ. Жылдық мөл­шер­лемесі 5 процентке тең же­ңілдетілген заемды алу үшін қатысушылар әкім­дік кезегінде тұру керек. Соны­мен қатар банк шотына ал­ғашқы 10 проценттен кем емес соманы жарна ретінде жинауы шарт. Несиелендіру мерзімі – 20 жыл.

Жеңілдік баспанаға мұқ­таж ретінде 1986 мен 2010 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда кезекте тұрған аза­маттарға беріледі. Бұдан бөлек, бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне ке­летін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын ең­бек және кәсіпкерлік қыз­мет­­тен түсетін кірістің бо­луы сұралады. Бағдарлама бо­йынша баспананы тек жаңа салынған үйлерден алады. Құ­рылыс компанияларының тізімін арнайы сайттан көруге мүмкіндік бар. Ал, өтініш беру мерзімі – 17 тамыз бен 16 қыр­күйек аралығы.

Бастысы, бағдарламаға қатысу үшін арнайы қойыла­тын 6 талапты орындау ма­ңызды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<