Бірлескен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

647

0

Фото автордан

Қоғамды ақпараттандыру күнделікті өмірдің түрлі аспектілеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен интеграциялауды білдіреді. Бұл құбылыс әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және халықаралық аспектілерге терең әсер етеді. Қоғамды ақпараттандыру экономикалық құрылымдар, мәдени динамика және халықаралық қатынастарға ықпал ететін көп қырлы өзгерістерге әкеледі. Сондықтан өзара байланысты мәселелерді шешу ғалымдардың зерттеу жүргізудегі тұрақты күш-жігерін қажет етеді.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты университеттегі ғылым жылы аясында Пенза мемлекеттік технологиялық университеті, Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Волгоград қаласындағы басқару институты және Бұхара инновациялық университетімен бірлескен «Қоғамды ақпараттандыру: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және халықаралық аспектілер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын «Социосфера» Ғылыми-баспа орталығының базасында өткізді. Ағымдағы жылдың 15-16 қаңтарында өткен конференцияның материалдары жақында Пенза қаласында жарық көрді.

Конференцияда қарастырылған мәселелер жинақта 4 секцияға бөлінген. Бірінші секцияда ақпараттық қоғам мәселелерін зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері зерделенеді. Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру процесіндегі елдердің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерінің көрінісі екінші секцияда талданады. Үшінші секция ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және оларды қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірінде қолдану мәселелеріне арналған. Ғалымдар төртінші секцияда ақпараттандыру және мәдениеттерді дамыту диалогының ерекшеліктерін айқындайды.

Аталмыш конференцияда «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимовтың «Ақпараттық қоғам шарттарындағы этникалық бірегейлік» және «Мәдениеттер диалогындағы инновациялық құндылықтарды дамыту» атты 2 мақаласы жарияланды. Пенза қаласында өткізілген конференцияның ұйымдастыру комитетіне «Болашақ» ҒЗИ директорымен қатар, Қызылорда «Болашақ» университетінің құқықтану және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының канидадиты Г.Арғынбекова да бар.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<