Бірқатар нысандарды аралады

423

0

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кенті орталығындағы бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен аудан басшысы орталық алаңның және Абай көшесінің жәй-күйімен танысып, тиісті сала басшыларына және Жосалы кенті әкіміне санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуді және бірқатар көшелерге жаяу жүргінші сызықтарын сызу, газ жүйесінің трубаларын сырлауды тапсырды.

Сондай-ақ, көше бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен жанар-жағар май құю бекеттерінің басшыларына аулаларын таза ұстау және ғимараттардың сыртын ақтау, қоршауларын сырлау сияқты жұмыстарды атқару жөнінде түсіндірме жүргізу қажет екендігін айтты.

Одан соң, «Қазақ Елі» және «Мәңгілік Ел» аллеяларына барып, жағдайын көрді. Жосалы кенті әкімі мен сала басшыларына аллеялар ішінде тазалық жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<