Бозкілемдегі бәсеке

643

0

Қаламыздағы №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы Жарқын Дүйсеновті еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті.

2009-2010 және 2012-2013 жылғы жасөспірімдер арасындағы дүбірлі сынға қала мен 7 ауданнан 20 команда, 310 спортшы қатысты. Ал он сегіз салмақ  дәрежесіндегі  жарысқа спорт саласын өркендетуге үлес қосып жүрген ұлттық дәрежедегі төрешілер Серік Ибрагимов пен Марғұлан Жүсіпов қазылық етті.

Айтулы додада әртүрлі салмақ дәрежесінде қалалық 8 палуан чемпион атанса, аудандардан 10 палуан жеңіске жетті. Олардың қатарында Арал, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының спортшылары бар.

Жеңімпаздарға медаль мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир алдағы жылдары да жалғасын табады. Додада бақ сынаушылардың көп болуы облыстың спорттағы әлеуеті нығайып келе жатқанын байқатқандай.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<