Бүгін күн жаңбырлы болады

164

0

Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет синоптиктері 23 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Оған сенсек, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ болады.

Тек батыста, оңтүстікте, қиыр оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. 

Елдің барлық дерлік өңірінде төтенше және жоғары өрт қаупі бар.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<