Халыққа қызмет көрсету орталығы мереке күндері жұмыс істей ме?

923

0


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетті ккорпорациясы қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және мереке күндері ХҚО мен автоХҚО-лар 1,2, 3, 4 және 7 қаңтарда жұмыс істемейтінін хабарлайды. 5 және 6 қаңтарда барлық ХҚО-лар штаттық режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.


Мемлекеттік корпорация қызметтердің 93% – ы онлайн тәсілмен қолжетімді екенін еске салады. Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы, egovmobile қосымшасы, @kenes1414bot телеграм-боты арқылы ала алады.

Сондай-ақ азаматтарға 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, бөлімдердің жұмыс кестесін және қажетті құжаттар пакетін алдын ала білуге кеңес береміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<