COVID-19: бүгін Қызылорда “Қызыл” аймақта

619

0

2022 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында облыс “қызыл” аймаққа ауысты. Өткен тәулікте 268 адам коронавирус инфекциясына шалдықты. Басым бөлігі облыс орталығында анықталды. Еліміз бойынша “қызыл” аймаққа кірген өңірлер тізімі кеңейді. Бірқатарында карантин талаптары күшейтілуде. “Омикрон” штамы коронавирустың өзге түрлеріне қарағанда бірнеше есе жұқпалы. Оның қаупін тек вакцинациялау арқылы төмендетуге болады. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сақтық шараларын жауапкершілікпен орындауға шақырады:

🔴 вакцинация, ревакцинация

🔴 санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау

🔴 бетперделік режимді сақтау

🔴 халық көп жиналатын орындарға баруды шектеу

🔴әлеуметтік арақашықтық

🔴шетелдік сапарларды кейінге шегеру

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<