Дәрі-дәрмек қоры бақылаусыз болмауы тиіс

247

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «СК-Фармация» ЖШС Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің басшысы Айжан Еділова мен Қызылорда облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Байменованы қабылдады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде өңірдегі дәрі-дәр­мек қоры мен емдеу меке­ме­леріне жеткізілетін дәрілік зат­­тар мен медициналық бұ­йым­­­дарды сатып алу және қам­та­­масыз ету мәселелері тал­қыланды.

Бүгінде өңірде жұқпалы және провизорлық стационар­ларда COVID-19 емдеуге ар­нал­­ған дәрілік заттардың 2 айға дейінгі қоры қалыптасты. Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіліп, 5 атаудан тұратын COVID-19 нозологиясы енгізілген. Бұл арқылы ПЦР тестінің нәти­же­­­леріне қарамастан, аурудың жеңіл ағымында COVID-19 диаг­­но­зы қойылған пациент­тер ем­­деуші дәрігердің тағайын­дауы бойынша антипиретиктер мен антикоагулянттарды ала алады.

Қабылдау барысында Айжан Еділова транзиттік қоймадағы сұранысқа ие 26 атау бойынша дәрілік заттардың екі айлық қоры қалыптасқанын, логис­тикалық хабтардың жұмыс форматы өзгергенін атап өтті. Оның айтуынша, есепке алуды жеделдету үшін хаб қызметкерлерінің саны артып, өңірлік қоймаларға жететін рейстер саны аптасына 1-ден 3 ретке дейін көбейген.

Қазіргі таңда індетпен күресу үшін Қызылорда облы­сының медициналық ұйым­дарына жалпы сомасы 451 млн теңгеден астам қаржыға 80 түрлі дәрі-дәрмек алынған. Сондай-ақ, жақын күндері коронавирус эпидемиясымен тіркелген науқастарды емдеу үшін стационарларға 83 млн теңгеден астам қаражатқа дәрі-дәрмектер түседі.

Емдеу мекемелеріне қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін СК «Фармация» ЖШС пациенттерге 2,2 млрд теңгеден астам қаржыға дәрі-дәрмек берген. Ал, стационарлық көмекке мұқтаж пациенттер үшін өңірдің медициналық ұйымдарына 4,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынған.

Қабылдауда облыс әкіміне департамент басшысы Ғалия Бай­менова дәріханалардағы дәрі тап­­шылығын болдырмау ба­ғы­­тында атқарылған жұмыс­тарды тізбеледі. Ол күзгі және қысқы маусым кезеңінде жер­гілікті бюджет қаражаты есе­бінен дәрілік тұрақтандыру қорын құру үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мәселесіне тоқталды.

Бүгінде өңірде 328 дәрі­хана­лар желісі қызмет етеді. Оның 311-і жекеменшік нысанға қарайды. Ал, ауылдық елді ме­кендерде 157-сі орналасқан.

Департамент басшысы тұр­ғын­дардың жеке қауіп­сіздігін сақ­­­тауға қажет медициналық бет­­­­пер­де тапшылығы туында­май­­ты­нын атап өтті. Қазіргі күні дәрі­ханаларда 128 мыңнан аса ме­дициналық бетперде қоры бар.

Сала басшылары өткен айлармен салыстырғанда дәрілік заттар қорының тапшылығы қазірде туындамайтынын және қажетті қорлардың бар екендігін баяндады. Бұл ретте дәрілердің айналым қаражаты негізінде қажеттілігіне қарай қор жасалатын болады.

Қабылдау облыс әкімі сала басшыларына халық сұраны­сын­дағы дәрілік заттардың тіз­бесін әзірлеп, дәріханаларда қосымша дәрілік заттардың мол қорын жасақтауды тапсырды. Сонымен бірге қаланың шет аймақтарындағы дәріханаларға тұрақты бақылау жүргізуді міндеттеді. Мұнан бөлек, емдеу мекемелеріндегі стационарларда науқастарға қажетті препараттар, қорғаныш құрал­дарымен қамтамасыз етуді және бұл жұмыстарды ұдайы бақылауға алуды қаперге салды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<