Дала өрттерінің алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өткізілді

619

0

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың «2018 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында  орман  және дала өрттерінің  алдын алу және жою іс-шаралар жоспарына» сәйкес Сырдария ауданында оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты: Дала өрттерінің алдын алу және жою жұмыстары бойынша елді-мекендерде құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдарының іс-әрекеттерін пысықтау болды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу «Сырдария  ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» орман қоры жерінің №47 оралымында өткізілді. Оған Төтенше жағдайлар бөлімі, №7 Өрт сөндіру бөлімі, «Сырдария  ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесі,  С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімшілігімен құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдары қатысты.

«Сырдария ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» орман қоры жерінің №47 оралымында сағат 10.54 минутта шартты өрт орын алды. Шартты өртке  өрт сөндіру бөлімі, «Сырдария  ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері жылдам әрі нақты әрекет етіп, өздеріне бекітілген аумақтағы өрт ошағын толығымен сөндірді. Сондай-ақ С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімшілігімен құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдары өздеріне тапсырылған тапсырмаларды толығымен атқарды. Оқу-жаттығуға 40 адам, 2 өрт сөндіру автокөлігі, 5 көмекші техникасымен жұмылдырылды.

Соңында Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Н.Бақтияр барлық техникалар мен жеке құрамға биылғы жылы дала алқаптарында өрт санының көбеюі және олардың себебі жөнінде айтты.

«Бірігіп көтерген жүк жеңіл демекші» алдағы уақытта да орын алған өрт оқиғаларында бірлесе жұмыс жасау керектігін айтып, оқу-жаттығуды қорытындылап, «Қоғам ТВ» телеарнасының журналисіне орын алған дала өрттері мен жану оқиғалары туралы сұхбат берді.

 

 

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<