Департамент басшысы тұрғындар тілегін тыңдады

192

0

Фото: Аманат партиясы

Бүгін партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Егембергенов Айбек Асылханұлы қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар коммуналдық қызметтер үшін төленетін ақылардың мәселелері мен әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініштерін білдірді.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 19-бабында, тұрмыстық тұтынушы өз газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті мекемемен келісім шарт жасасу міндетті екенін атап айтты. Осы орайда, ондай келісім шарт әрбір тұтынушы жасасуы керектігі, келісім шарт болмаған жағдайда газ беруші мекеме тауарлық газды өшіруге құқылы екендігі түсіндірілді. Одан бөлек, әлеуметтік мәселелер бойынша заңдылықтар аясында түсіндірме жүргізіп, тұрғынның тұрмыстық жағдайына байланысты бір жолғы көмек көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<