Дүние дүрмек

527

0

Зәулім ғимарат өртенді

Кеше таңертең Дубайдағы дүние жүзіндегі ең биік ғимарат – Бурдж-Халифа маңындағы 35 қабатты «Emaar» көпқабатты үйі өртенді. ABC арнасының хабарлауынша, өрт сөндірілді. Әзірге зардап шеккендердің бар-жоғы туралы нақты ақпарат жоқ.

Ғимарат араб әлеміндегі мемлекет қолдау көрсететін ең ірі құрылыс салушы «Emaar» компаниясының 8 бульвары деп аталатын мұнаралар тобының бөлігі.

Моңғолияда жер сілкінді

Моңғолияның батыс бөлігінде магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Сілкініс ошағы Даян-Нұр көлінің акваториясында, Қытаймен шекарадан 14 шақырымдай жерде орналасқан.

Жер сілкінісі ошағында МСК-64 шкаласы бойынша 5 балды құрады. Елдің Ресеймен және Қытаймен шектесетін аймақтарында күшті жер сілкінісі мезгіл-мезгіл болып тұрады.

Халқынан кешірім сұрады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл Сеулдегі Хэллоуин мерекесінде болған оқиғаға байланысты халықтан кешірім сұрап, кінәлі барлық шенеуніктерді жауапқа тартуға уәде берді. Қайғылы оқиғадан 156 адам қаза тауып, осыншама адам зардап шеккен. Президент полиция мен ұлттық қауіпсіздікті басқару жүйесін де реформалайтынын айтты.

Сондай-ақ, Сеул қаласының орталығына мыңдаған корейлер жиналып, қаза тапқандарды еске алды. Одан бұрын елде ұлттық аза тұту күндері өтті.

Үндістанда мектептер жабылды

Үндістан астанасы Нью-Делиде ауаның ластануына байланысты кейбір мектептер жабылып, бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Қала билігі қоғамдық көлік қозғалысын шектеуді де қарастыруда. Оған себеп – ауа сапасының индексі қауіпті санаттан бірнеше есе өскен.

Айта кетейік, Нью-Дели бірнеше жыл қатарынан әлемдегі ауасы ең лас астана болды. Сондай-ақ, ДДСҰ мәліметтері бойынша ауасы ластанған қалалардың жартысынан көбі Үндістанда.

Дайындаған

Биболат СӘТЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<