Елена Пак: Болашақта қазақ тілін жас ұрпаққа үйретемін

698

0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ең басты құндылығымыз және байлығымыз – қазақ тілі деп атап өтті. 

Тәуелсіз еліміздің ертеңі – қазақ тілінде екенін назарға салып, «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы» дей келе болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс екендігін алға тартты.

Бүгінгі Президент Жолдауында айтылған осындай мағыналы ойлар жастарды ғылым-білім, тіл үйренуге шақырып, көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятуға жетелейді.

Өз басым білімге, қазақ тілін білуге деген құштарлығымның арқасында ұлан-ғайыр даланың тереңнен тартқан тарихына бойлап, қаншама толымды туынды, жыр маржанымен сусындап өстім. Дархан даланың данасы Абай өлеңдеріне деген қызығушылығым мектеп қабырғасында жүргенде оянды. Ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың берер өнегесін бойыма сіңіріп келемін. Қазіргі күні Ұлы ақынның тәрбиелік арнаның қайнар көзі жатқан 200-ге жуық өлеңі мен бір поэмасын жатқа білемін. Бүгінгі таңда тіл білімінің қыр-сырына қаныға түсуге ынта жасап, болашақта қазақ тілін жас ұрпаққа үйретсем деген ниетім бар.

Елена Пак,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университеті

«Филология» факультетінің студенті,

«Абай қазынасына саяхат» клубының жетекшісі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<