Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді

643

0

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үздік үштікте ешқандай өзгеріс болған жоқ: польшалық Ига Святек көш бастап тұр, беларусь Арина Соболенко екінші орында, америкалық теннисші Джессика Пегула үшінші орында.

Елена Рыбакина 7-ден алтыншы сатыға жоғарылады. Бұған дейін Қазақстан теннисі тарихында ешкім мұндай нәтижеге қол жеткізген жоқ.

Юлия Путинцева 51-орнында қалса, Анна Данилина жұптық сында 26-сатыға қайта оралды.

WTA-ның 8 мамырдағы рейтингісі:

6 (+1). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4195,

51 (0). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1016,

435 (-9). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 111,

496(+16). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 93,

574. (-25). Анна Данилина (Қазақстан) – 66,

1146 (-32). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 9.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<