Елена Рыбакина чемпиондық кестеде екінші орынға көтерілді

703

0

Фото: ашық дереккөз

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей сында чемпиондық кестені жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Australian Open жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенко чемпиондық кестеде көш басында келеді.

Аустралия ашық чемпионатының финалисі Елена Рыбакина 50-сатыдан бірден екінші орынға көтерілді. Жартылай финалда қазақстандық теннисшіге жол берген тағы бір белоруссиялық Виктория Азаренко үздік үштікті түйіндеп тұр.

WTA-ның чемпиондық кестесі:

1. (1) Арина Соболенко (Беларусь) — 2470.

2. (50) Елена Рыбакина (Қазақстан) — 1356.

3. (28) Виктория Азаренко (Беларусь) — 881.

4. (33) Магда Линетт (Польша) — 866.

5. (5) Джессика Пегула (АҚШ) — 740.

6. (1) Белинда Бенчич (Швейцария) — 735.

7. (8) Кори Гофф (АҚШ) — 520.

8. (37) Донна Векич (Хорватия) — 510.

9. (50) Елена Остапенко (Латвия) — 486.

10. (69) Каролина Плишкова (Чехия) — 456.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің оныншы рет Аустралия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды.

Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды.

Қазақстан тарихында алғаш рет Елена Рыбакина 10-ракетка атанды.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздік көрсеткішіне қол жеткізді.

Новак Джокович әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілер көшін бастап тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<