Елорда әуежайы 17 сағаттық режимге көшеді

680

0

21 шілде мен 9 тамыз аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан ұшатын жолаушыларға рейстердің келу-кету уақытын қосымша нақтылап отыру қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми мәлімет бойынша, бұған осы кезеңде ұшу-қону жолағы мен жарық-сигналдық жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстары себепкер болмақ.

«2021 жылғы 21 шілде мен 9 тамыз аралығында әуежайдың жұмыс уақыты тәулігіне 24 сағаттан 17 сағатқа дейін қысқартылады. Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11-ден кешкі 18-ге дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар 1 сәуірден бастап барлық авиакомпаниялармен алдын ала келісілді, соған сәйкес олар рейстер кестесін өзгертті. Осыған байланысты барлық жолаушылардан әуежайға алдын ала тіркелуге және авиакомпаниялардың колл-орталықтарында рейстердің ұшу уақыты туралы толық ақпаратты нақтылауды сұраймыз», дейді әуежай өкілдері.

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан аталған өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұрап отыр. «Уақытша қолайсыздықтар себебінен кешірім сұраймыз», делінген ресми хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<