Ережелер мене талаптарды түсіндірді

195

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ернар Бекенов Өңірлік кадр резервінің іріктеу жобасына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жобаның үлгілік ережесімен таныстырып, шарттары мен кезеңдеріне қатысты кеңінен ақпарат берді.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту болып табылады.

Өңірлік кадр резервіне жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді, жалпы жұмыс өтілі кез келген салада 3 жылдан кем емес ҚР азаматтары құжаттарын тапсыра алады.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында онлайн режимде жүзеге асырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<