Еркін Әбішев жаңа қызметте

1649

2

Арал ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 98-ө/жқ санды өкімімен, Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Әбішев Еркін Жұмаханұлы тағайындалды.

Әбішев Еркін Жұмаханұлы – 1987 жылы 3 маусымда Арал ауданы, Шижаға елді мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік униврситетін «Аудармашы-реферант», 2010 жылы Болашақ университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығының Қазалы ауданы бойынша өкілі қызметінен бастаған.

2010-2013 жылдары аралығында Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;2013-2014 жылдары аралығында «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақпараттық саясат және БАҚ-на мониторинг бөлімінің бас маманы, басшысы;2014-2017 жылдары аралығында Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы; 2017 жылдың сәуір – тамыз айлары аралығында Октябрь ауылдық округінің әкімі; 2017-2018 жылдары Арал ауданы әкімінің орынбасары; 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсіруде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<