Филиппиндегі су тасқыны: 1,4 млн адам зардап шекті

492

0

Фото: ашық дереккөз

Тәуекелдердің алдын алу және табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық кеңестің мәліметінше, Филиппиндегі су тасқыны салдарынан 28 адам қаза тауып, үшеуі із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы құрылған 489 эвакуациялық пунктте 211,9 мың азамат бар. 14,1 мың адам үйлерін алдын ала тастап кеткен және 11 адам жарақат алды. Су тасқынынан 1,39 млн адам зардап шекті. 14 өңірде су тасқыны мен көшкінге байланысты мыңнан астам оқиға тіркелді. 156 инфрақұрылымдық нысанға келтірілген залал 171,5 млн песоға (3,13 млн доллар), ауыл шаруашылығына 299,7 млн песоға (5,47 млн доллар) бағаланған. Су тасқыны 231 жол мен 55 көпірді зақымдап, 26 теңіз портының жұмысын тоқтатты.

58 қалада электр қуаты үзілген, соның ішінде 34 қалада ол қалпына келтірілді, 9 муниципалитетте сумен жабдықтау, үшеуінде – коммуникация мәселелері бар. 554 қала мен 134 муниципалитетте оқу орындарындағы сабақ мен кәсіпорындарда жұмыс тоқтатылды. 33 елді мекенде төтенше жағдай енгізілді.

Филиппин үкіметі көмекке 74,2 млн песо (1,35 млн доллар) бөлді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<