Физиотерапия – оңалтудың маңызды әдісі

1168

0

Қызылорда қалалық көп бейінді ауруханасының физиотерапия  емдеу-алдын алу бөлімшесінде пациенттерді физиотерапевтикалық емдеудің классикалық және жаңа әдістемелері қолданылады. Оларды емдеу мен туа біткен және жүре пайда болған аурулар, созылмалы аурулар мен жарақаттарды емдеу физиотерапевтикалық бөлімшеде атқарылады. Онда  денешынықтыру арқылы емдеу әдістері де қолға алынған. Бұл әдістер  ауру мен асқынудың алдын алу кезінде маңызды рөл атқарады.

Физиотерапия – бұл алдын алу, емдеу және оңалту мақсатымен табиғи және физикалық факторларды қолдану. Физиотерапияның басты саласы лазерлік терапияның емдеу әдісі лазерлік сәулелену болып табылады.

Қызылорда қалалық көп бейінді ауруханасында пациенттерді отадан кейінгі кезеңде көрсеткіштер бойынша кварц, магнитті-лазерлік аппараттарды қолдану, ауырсыну синдромын жылдам алып тастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаралардың жазылуын айтарлықтай жылдамдатады. Лазерлі-магниттік терапия парафинмен емдеу ісімен араласқан кезде омыртқа мен буындардың дегенеративті-дистрофиялық ауруымен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі артады. Көрсеткіштер бойынша емдеу кешенінде электрынталандыру, әртүрлі дәрілік заттармен, карипаинмен, димексидпен, гидрокортизон және электрофорездер, магниттік терапия және парафинмен емдеу қолданылады.

Амплипульстерапия веналық тоқырау мен ісіктерді жоюға септігін тигізеді. Лазерлік және магниттік терапия невролгиялар мен невриттерден туындайтын қатты ауырсынулар, буын аурулары, тірек-қозғалыс аппараты мүшелерінің жарақаттары, генекологиялық және урологиялық аурулар, I және II сатыдағы гепертониялық ауруды жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс тыныс алу мүшелерінің аурулары, оның ішінде бронхалық демікпе, тірек-қозғалыс жүйесінің аурулары мен жарақаттары, шеткері жүйке жүйесінің аурулары, жүрек-қан тамыры жүйесінің созылмалы ауруы, несеп-жыныстық жүйесінің жітілеу және созылмалы аурулары, аяқ-қолдардың шеткері қан тамырларының аурулары, жіті сатысындағы қабыну аурулары, микроайналыстың бұзылуымен қатар жүретін аурулар, дистрофикалық үдерістер, имунитетті жақсарту үшін қолданылады.

Физиотерапия бөлімшесінде жарықтар мен остеохондроздарды емдеудің жаңа әдістемесі – бел остеохондрозы кезіндегі карипаин электрофорезі енгізілген. Карипаин – шығу тегі өсімдік, асқабақ ағашының папайа шайырынан алынған, ақуызды ыдыратушы, тікелей әсер ететін ферментті препарат. Омыртқааралық дискінің жарығымен күрделенген омыртқаның белдік остеохондрозы бар ауруларды емдеудің тиімділігін арттыру мақсатымен карипаин-электрофорез әдістемесі қолданылады. Ал бұл әдіс омыртқааралық дискілерге әсер етеді, яғни, бұдан омыртқа ауданындағы ауырсынулар, аяқ, қолдардың жансыздануы азаяды немесе жоғалады, аяққа түсетін иррадация күші, бұлшық еттердің ширығуы төмендейді. Лазерлік және магнитті терапия ағзаның аллергенге сезімталдығын төмендетеді, қан тамырының жұмысын, қан айналымын жақсартады. Сондай-ақ, ісік пен  қабынуға қарсы әсері бар, яғни, ауырсынуды басады.

Зейпін МОЛДАШҚЫЗЫ,

қалалық аурухана, физиотерапия

бөлімшесінің аға мейірбикесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<