Газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

408

0

Германияның Мемминген қаласында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Bild газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиға Германияның Қызыл Крест қоғамына тиесілі ғимаратта болған. Жарылыс қайталануы мүмкін. Ғимарат маңы қоршауға алынған. Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Нақты деректер әлі жарияланған жоқ.




Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз