GEPETTO КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

4

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Gepetto Energy Technology (Hainan) Co., Ltd ком­паниясының директоры Цзэн Биньмен кездесті. Кездесуде өңірдегі кен орындарында мұнай өндіру көлемін арттыруға бағытталған жаңа технологиялар барысы талқыланды.

Gepetto – мұнай-газ өндіруді ұлғайтуға арналған технологияларды әзірлейтін Қы­тай­дың жетекші жоғары технологиялық компанияларының бірі. Жаңа ұңғымаларда гидравликалық жару, қышқылмен өңдеу, жетілген кен орындарында мұнай алу коэффициентін арттыру бағытында қызмет атқарады.

Компания наноэмульсиялық қоспалар, инновациялық гидравликалық жару сұйық­тықтары, толық еритін көпірлік тығындар және химиялық трассерлер сияқты тиімді әрі экологиялық қауіпсіз шешімдерді ұсы­нады. Аталған технологиялар Қытайдың ірі мұнай кен орындарында кеңінен қолданылып, жоғары нәтиже көрсеткен.

Орталық Азия нарығында жұмыс істеу мақсатында 2021 жылы Қызылорда облы­сында компанияның еншілес кәсіпорны құрылды. Негізгі мақсаты – қытайлық озық технологияларды Қазақстанның геоло­гиялық ерекшеліктеріне бейімдеп енгізу.

Сондай-ақ, компания Қазақстанда ұлт­тық мұнай-газ компанияларымен бірлесіп сервистік компания құруды, ғылыми-зерт­теу институттарымен бірлесіп зертхана ашу­ды және қазақстандық мамандарды Қытай­дағы ғылыми орталықтар мен өндіріс орын­дарына жіберіп, технологиялардың іс жү­зіндегі тиімділігімен таныстыруды ұсынды.

Gepetto технологиялары жаңа және жұмыс істеп тұрған ұңғымаларда өндірісті ұлғайтуға, мұнай алу коэффициентін арттыруға, елдің мұнай-газ саласының тұрақты және тиімді дамуын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.