«Халық заңгері» акциясы аясында басқарма басшысы тұрғындармен кездесті

405

0

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Халық заңгері» бірыңғай республикалық акциясы өткізілді. 
  Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы және жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, орталық мемлекеттік органдардың, облыстық департаменттерінің басшылары, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 40-тан астам кеңесші маман қатысты. 
 Қабылдауда жалпы 70-ке жуық облыс тұрғындарының көкейдегі сұрақтарына тиісті кеңестер берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<