Ибайдулла Тілеп номинация жеңімпазы атанды

552

3

Республикалық «Біздің депутат» қоғамдық-саяси газетінің рейтингі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Ибайдулла Тілеп «Үздік мәслихат депутаты – 2020» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 50 сессиясының алдында өткен бірлескен комиссияның тұрақты отырысында облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов депутатқа арнайы төс белгіні табыс етті.

№5 «Абай» сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты, экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі Ибайдулла Тілеп сайлаушылар аманатына адал, өзі сайланған аймақтың проблемаларын үнемі көтеріп жүрген халық қалаулыларының бірі.

Айта кету керек, мұндай марапат республика бойынша 3 470 мәслихат депутатының 23-іне табысталған.

«СБ» ақпарат.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз