Иманбек Зейкенов тағы бір жүлдені жеңіп алды

395

0

Иманбек Зейкенов «Billboard Awards» марапатын иеленді. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жариялады. 

Иманбек әлеуметтік желідегі парақшасында «Қоржынға + 1» деп  «Grammy» сияқты «Billboard Awards» марапатын алғанын хабарлады. 

«Billboard Awards» марапаты – әртістерге музыкалық чарттардағы жетістігі үшін берілетін жүлде. Оны америкалық «Billboard» музыкалық баспа басылымы тағайындайды.

Диджейдің сөзінше, ол жүлдені Saint Jhn орындайтын «Roses» әнінің ремиксі үшін «Үздік би/электронды ән» номинациясы бойынша жеңіп алған.

Айта кетейік, 15 наурызда Иманбек Зейкенов музыка саласындағы аса беделді «Грэмми» сыйлығын иеленген болатын. Ол осы марапатқа лайық деп таныған ТМД елдеріндегі алғашқы әртіс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<